Сауда инфрақұрылымын кеңейту бойынша үшінші міндетті іске асыру үшін Астана қаласында жыл соңына дейін 50 модульдік сауда павильоны іске қосылады. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.
Осы мақсатта, елорда әкімдігі жер телімін бөліп, "Көше саудасын дамыту" бағдарламасы аясында 90 млн теңге көлемінде инвестиция тартқан.
ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің дерегі бойынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана қаласының аумағында 1 002,8 мың адам тұрады. Аталған халық қажеттілігін азық-түлік өнімін тұтынудың минималды нормасына сәйкес қанағаттандыру үшін 617,2 мың тоннаға жуық негізгі азық-түлік тауары қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу